Logo
АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ
Ірі аймақтық энергия таратушы компания
Самұрық - Энерго АҚ - ы холдингіне кіреді

ТҰТЫНУШЫЛАР үшін МӘЛІМЕТ

 

Тұтынушылардың электр құрылғыларын «АЖК» АҚ электр тораптарына қосу кезіндегі әрекет ету тәртібі

  1. Белгіленген үлгі бойынша Техникалық шарттар алуға өтініш беру:

- «АЖК» АҚ-ның Техникалық шарттар басқармасының кеңсесі арқылы (Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 6 немесе ЭТА орналасқан орын бойынша);

- ғаламтор порталы арқылы (www.azhk.kz).

Жаңадан енгізілген немесе қайта құрылымданған электр құрылғыларды қосуға арналған Техникалық шарттарды алу 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

  1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау (Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін ұйымды тұтынушы өзі таңдайды).
  2. Қабылдау-табыстау сынақтары  жүргізілген соң («АЖК» АҚ өкілінің міндетті түрде қатысуымен), электр құрылғылар қосылуға дайын болғанда, тұтынушыға электр тораптарына қосылу сызбасымен бірге тараптардың Теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігі шегін ажырату актісі беріледі (ЭЭПҚ1 21-т., 21-1-т.).
  3. Электрмен жабдықтауға арналған Шартты жасау үшін тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды беруі  (кернеу беруді және пломбылауды энергиямен жабдықтаушы ұйымнан өтінім алғаннан кейін, 3 жұмыс күнінен кешіктірмей энергияны жеткізуші ұйым жүргізеді (ЭЭПҚ1 23-т.).

Ұсынылатын құжаттар тізбесі: Техникалық шарттар және электрмен жабдықтауға арналған жоба.

Электрмен жабдықтауға арналған жобаны «АЖК» АҚ-мен келісуі,

сараптама қорытындысы және техникалық есеп

ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ.