Logo
АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ
Ірі аймақтық энергия таратушы компания
Самұрық - Энерго АҚ - ы холдингіне кіреді

Компанияның тарихы 1928 жылы Алматы қаласында әрқайсысы 170 кВт қуатты үш генераторы бар бірінші дизелдік электр станциясы іске қосылғаннан бері бастау алады. Сол кезден бастап өнеркәсіп пен ауыл- шаруашылықтын қарқынды дамуымен байланысты көптеген энергетикалық қуаттар енгізілді, электр тарату желілері және жылу электр станциялары құрылды.

«Алматы Пауэр Консолидейтед» АҚ (ЖЭО 1,2,3, ЗТК, Қапшағай ГЭС-і, Каскада ГЭС-і, АӨЭК, ҚЭБТ, ПРП, ЦПВТ және Басты офис департаменті құрамында) 1996 жылдың тамыз айында «Трактебель C.A.» (Бельгия, Брюссель, 1000, Пляс-дю-Трон1) бельгиялық компаниясымен жекешелендірілген «Алматыэнерго» мемлекеттік компаниясының басты мирасқоры болып табылды.

18.05.1999ж. және 30.06.2003ж. компания, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «АПК» ЖАҚ деп қайта тіркеліп, кейіннен сәйкесінше «АПК» АҚ болды. 2000 жылдың мамыр айында «Пауэр Холдингтегі» «Трактебельдің» 60 % үлесі «КазТрансГаз» ЖАҚ-ға сатылды. «Пауэрфин Холдингтің» қалған 40% акциялары кейіннен бірнеше сатыда «Иктус Интернешнл Н.В.» - мен сатып алынды (Нидерландылық Алтилық Аралдар, Кюрасао, Чучубивег 17).

2001 жылы Алматы қаласы Әкімшілігі «Пауэрфин Холдингтің» 100% акциясын сатып алды, сөйтіп «АПК» АҚ–ның жалғыз иегері болды. «АПК» АҚ Қазақстанның «Халық Банкі» алдында өз қаржылық міндеттемелерін өтей алмауы себебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі «Алматы қаласының энергетикалық кешенінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету туралы» «КазТрансГаз» компаниясымен «АПК» АҚ–ның мүліктік кешенін сатып алу жөнінде 2005 жылғы 30 маусымда № 653 қаулы қабылдады.

2005 жылдың 30 маусымында «КазТрансГаз» АҚ (Мирасқор), «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ (Несиегер) және «Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ (Қарызгер) арасында талап құқығына жол беру (цессия) Келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Мирасқор Несиегер алдында барлық міндеттемелерін орындады. 2005 жылы 17 тамызда «Пауэрфин Холдинг» «КазТрансГаз» АҚ меншігіне 100% акциясын ұсынады.

2007 жылдан бастап «АПК» АҚ «Самұрық–Энерго» АҚ–ның басқаруында болды. Кейіннен, 2009 жылдың 14 шілдесінде «КазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі негізінде «АЖК» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ -ның құрамына берілді.

2007 жылдың қаңтар – наурыз айларында «Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ–ны қайта құру бойынша негізгі рәсімдер аяқталды және АПК қызметінің қайта құрылымдауы жүргізілді: «Алматы электр станциялары» АҚ–ға жылу энергиясы және электр энергиясының өндірісі шығарылды (бұдан әрі - АлЭС); «Алматы жылу желілері» АҚ–ға жылу мен ыстық суды тарату және бөлуі шығарылды (бұдан әрі - АлТС) –қазіргі уақытта «АлТС» ЖШС; «Ақтөбе АЭО» АҚ–ға Ақтөбеде жылу қуатын, ыстық суды, электр қуатын өндіру шығарылды (бұдан әрі - АТЭЦ).

Сонымен бірге АПК-ға 2007 жылы Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілген, «АлТС» ЖШС–ні қоспағанда, аталған еншілес ұйымдардың 100% пакеті тиесілі болды. Қазіргі уақытта, «АлТС» ЖШС–ның иегері Алматы қ. Әкімшілігі болып табылады.

2009 жылдың наурыз айында «АПК» АҚ «АЖК» АҚ болып аталды («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ). «АЖК» АҚ-ның негізгі қызметі электр энергиясын бөлу және жеткізу болып табылады.

Қазір, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы және Алматы облысының тұрғындарына, ауыл шаруашылық және мемлекеттік мекемелерге, кәсіпорындарға электр энергиясын жеткізіп отырған, Қазақстан Республиканың оңтүстігіндегі ең ірі энергетикалық жүйе. «АЖК» АҚ – «Самұрық Энерго» АҚ компаниясының тобына кіреді.

Қазіргі уақытта Компанияның теңгерімінде, аталған өңірді толықтай электрмен қамтамасыз етіп отырған, жалпы ұзындығы 29225,4 км болатын 220/110/35/10-6/0,4 кВ электр жеткізу желілері, сонымен қатар 6-10/0,4 кВ  кернеуімен 6 995 ТҚС және қуаттылығы 6 946,5 МВт трансформаторларымен 209 қосалқы стансалар бар. Компания электр энергиясымен  тек қана ірі мегаполисті ғана емес, сонымен қатар облыстың 9 ауданын да қамтамасыз етіп отырғанын атап өткен жөн. Бүгінгі күні электр энергиясын осы өңірдің барлық халқы, яғни 2,5 миллион адам тұтынады.

Балқаш өзенінің жағалауынан басталып Қытьай елінің шекарасына дейінгі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның ЭЖ желілеріжыл сайын артуда және күшеюде.

«АЖК» АҚ-ның бірінші кезектегі міндеті – халықты электр энергиясымен сенімді және сапалы қамтамасыз ету. Соның ішінде коммерциялық және техникалық шығындарды төмендету, қосалқы стансалар жабдықтарының жұмысының техникалық көрсеткіштерін жақсарту, қоршаған ортаны күзету ережелерін және еңбек қауіпсіздігін сақтау. Компанияда күрделі мәселелердің ұтымды шешімдерінің мол тәжірибесі жинақталған. «АЖК» АҚ-да тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірген ТМД елдеріне еңбектері сіңген және беделдері бар адамдар қызмет атқарады.

Компанияның 4000 қызметкерлерінің ішінде мемлекеттік мараппаттармен марапатталған және құрметті атаққа ие болғандары бар, соның ішінде: «Құрмет» ордені – 2 адам; «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі - 8 адам; «Ерен еңбегі үшін» медалі – 1 адам; «ҚР Конституциясына 20 жыл» - 2 адам; «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» - 14 адам; «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі»  - 30 адам; «ҚЭҚ құрметті энергетигі» - 49 адам; «ҚЭҚ ардагері» 105 адам; «KAZENERGY» Қауымдастығыының медалі – 3 адам; «KAZENERGY» Алғыс хаты және Қауымдастықтың Құрмет Грамотасы – 6 адам; «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Құрмет Грамоталары – 6 адам; Алматы облысы Әкімінің Құрмет Грамоталары – 23 адам; Қоғамның Құрмет Кітабына енгізілгендер – 12 адам.

Соңғы 7 жылда компания бірнеше ірі жобаларды іске асырды. Тек 2007-2014 жж. аралығындағы кезеңде қалалық Әкімшіліктің қолдауымен «АЖК» АҚ-мен Алматыда 30-дан аса қосалқы стансалар салынды және қайта жаңғыртылды. Қуаттың жалпы өсімі 3000 МВА-дан артық мөлшерді құрады.

Алматы қаласын айнала 220кВ ЭЖЖ айналмасын жасау аяқталды. «Бесағаш-Ерменсай-АТЭЦ-3» ҚС 220кВ ЭЖЖ-мен орнатылған қуаттылығы 500 МВА «Бесағаш» ҚС салынды.

«Бесағаш» ҚС - «Ерменсай» ҚС 220кВ ЭЖЖ ұзындығы 27,14 км құрайды, оның ішінде кәбелдік аумақ 18,66 км, сонымен 220кВ ЭЖЖ бойынша айналма тұйықталды.

Жобаның мақсаты: елдің ірі мегаполисін электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және Алматы қ. солтүстік-шығыс бөлігімен Алматы облысының маңайындағы аудандардың бұдан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдай жасау болды.

«Бесағаш» 220/110/10 кВ ҚС-да орнатылған электр техникалық жабдықтар әлемдік электр энергетикасында қолданылып жүрген заманауи стандарттар мен технологияларға сай келеді.

Мысал үшін:

Кәбелдік желіні салу кезінде күрделі трассаларға төсеу мүмкіндігі бар және зақымдалуға төзімді, жоғары өткізу қабілеті бар «LScable» Оңтүстік Корея фирмасы өндірген, полиэтиленнен тігілген 220кВ-тық күштемелі кәбел қолданылған және Қазақстан Республикасында алғашқы рет қолданылған.

220 кВ-ЭЖЖ-мен «Бесағаш» 220кВ-ҚС-ны пайдалануға енгізу және Алматы қ. айналасында 220кВ-тық айналмасын жасау нәтижесінде Алматы қ. және Алматы облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігі артты, сонымен бірге тұрғын үй құрылысын, орта және кіші бизнес субъектілерін және басқа да маңызды нысандарды дамыту үшін алдын ала жағдай жасалды.