Logo
АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ
Ірі аймақтық энергия таратушы компания
Самұрық - Энерго АҚ - ы холдингіне кіреді

 

«Алатау Жарық Компаниясы» Акционерлік Қоғамының Құрмет Кітабы - (бұдан әрі Құрмет Кітабы) жоғары мемлекеттік марапттарға және құрметті атақтарға, сонымен бірге басқа да  марапаттар мен атақтарға лайық, Қазақстанның электр энергетика саласының дамуына зор үлесін қосқан, өзінің еңбек қызметінде елеулі нәтижелерге жеткен, «АЖК» АҚ-ның  еңбеккерлерін көтермелеу түрлерінің бірі болып табылады.

Құрмет Кітабына Компаниядағы еңбек өтілі 10 жылдан кем емес және соңғы үшжылда тәртіптік жазаға тартылмаған еңбеккерлер енгізіледі. Құрмет Кітабына Компанияның және/немесе Қазақстанның электр энергетика саласының дамуына елеулі үлес қосқан басқа да тұлғалар енгізілуі мүмкін. Құрмет Кітабына ақпараттарды енгізу жыл сайын 22 желтоқсанға дейін жүргізіледі және Энергетиктер Күніне орайластырылады. Үміткерлерді Құрмет Кітабына енгізу үшін іріктеуді құрамы «АЖК» АҚ Басқарма Төрағасымен бекітілетін, «АЖК» АҚ-ның еңбекті бағалау және көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарастырады.

Жыл сайын Құрмет Кітабына Компанияның 3 еңбеккерінен артық емес адамы енгізілуі мүмкін.

Еңбеккерлерді Құрмет Кітабына енгізу туралы комиссия шешімі Басқарма Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Компанияның 2018 жылғы Құрмет кітабы

Компанияның 2017 жылғы Құрмет кітабы

Компанияның 2016 жылғы Құрмет кітабы