Даму стратегиясы
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2024–2033 жылдарға арналған даму стратегиясының жария нұсқасы «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 19 шілдедегі шешімімен бекітілді (№ 09/24 хаттама).
«Самұрық-Энерго» АҚ миссиясы — тұрақты даму және ресурстарды тиімді басқару қағидаттарын ұстана отырып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеделдетілген энергетикалық ауысуға ықпал ету.
Компанияның пайымы — сенімді әріптестік, адамдарға және қоршаған ортаға қамқорлық қағидаттары негізінде барлық мүдделі тараптар үшін қолайлы экожүйе қалыптастыратын электр энергетикасы саласының жоғары тиімді инновациялық көшбасшысы болу.
Стратегия төрт стратегиялық бағытты қамтиды:
- Энергетикалық қауіпсіздік — экономиканың электр қуаты мен электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету;
- Тиімділік — операциялық, қаржылық және инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру;
- Энергетикалық ауысу — жаңартылатын энергия көздерін озық қарқынмен дамыту және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;
- Тұрақты даму — ESG саласындағы үздік тәжірибелерді ұстану.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2024–2033 жылдарға арналған даму стратегиясы. Жария нұсқа