("АЖК" АҚ) Жедел-диспетчерлік топтың инженері (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытында)

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) Жедел-диспетчерлік топтың инженері (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытында) бос лауазымына қызметкер іздестіруде.

Қойылатын талаптар:

1) Жоғары кәсіптік білімі  болса, жұмыс өтіліне талап қойылмайды,  арнайы орта (техникалық) білімі болса,  жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілігі  III топ болуы керек.

2) Білуі керек:

Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын;

Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын;

Электр қондырғыларында пайдаланылатын қорғаныс құралдарын, айлабұйымдарды қолдану және сынау қағидаларын;

Өрт қауіпсіздігі ережелерін;

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ҚР Заңын;

1000 В дейінгі және одан жоғары электр желілерін қорғау қағидаларын;

Электр қондырғыларын орнату ережелерін;

Қосалқы станциялардың, желілердің негізгі жабдықтарының сипаттамасын, жабдықтың құрылысын және жұмыс істеу принципін;

Трансформаторлар мен ЭЖЖ-ге рұқсат етілген жүктемелерді;

РҚА орнату карталарын;

Трансформаторлардың кернеуін реттеу ережелерді.

3) Компьютерде сауатты пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2020 жылдың 23 қарашасына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

СКАЧАТЬ ФОРМУ РЕЗЮМЕ