Перспективалық дамыту бөлімінің маманы бос лауазымына орналасуға АРБ конкурс жариялайды

Қойылатын талаптар:

Еңбек өтілінсіз жоғары кәсіби білімі немесе 1 жылдан кем емес еңбек өтілімен  арнайы орта білімі болуы керек, электр және бөлу тораптарын  білу дағдысы болуы тиіс.

Функционалдық міндеттері:

1) ПДБ  қызметі үшін қажетті өндірістік-техникалық құжаттаманы жүргізеді;

2) Техникалық және ұйымдастырушылық құжаттаманы есепке алады, сақтайды, көшіру және көбейту жұмыстарын орындайды;

3) «АЖК» АҚ-ның қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлары мен даму схемаларын әзірлеу үшін материалдар мен ақпарат жинайды;

4) «АЖК» АҚ электр тораптарын дамыту бойынша ұсыныстар дайындайды;

5) электрмен жабдықтау мәселелері бойынша облыстың және қаланың перспективалық даму жоспарларын әзірлеу үшін материалдар жинауды жүзеге асырады;

6) басшылықтың келісімі бойынша жоғары тұрған ұйымдардың сауалына орай барлық қажетті ақпаратты береді;

7) ПДБ бастығының тапсырмасы бойынша өз өкілеттіктері шегінде ПДБ атынан "АЖК" АҚ басшылығы қол қоятын бұйрықтардың, өкімдердің, нұсқаулардың және басқа да директивалық құжаттардың жобаларын дайындайды;

8) жоғары тұрған басшылықтың бұрыштамасы бойынша орындау үшін келіп түсетін сұрақтар мен құжаттарға жауаптарды уақтылы дайындайды;

9) ПДБ бастығының басқа да өкімдерін орындайды;

10) өзінің инженерлік-техникалық деңгейін және біліктілігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс істейді;

11) "АЖК" АҚ-ның біріктірілген менеджмент жүйесінің құжаттамасын басқарады және перспективалық даму басқармасында тәуекелдерді басқарады;

12) Перспективалық даму басқармасының ережесіне, лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізеді және жүргізеді;

13) 1С нұсқасы 8.2 бағдарламасында Перспективалық дамыту басқармасы персоналының жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді және қалыптастырады;

14) іс қағаздарды жүргізеді;

15) іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, ПДБ ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамасын сақтау және мұрағатқа тапсыру жұмыстарын жүргізеді;

16) БМЖ талаптарына сәйкес стандарттарды сақтайды.

Барлық ниет білдірушілер, көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 16.02.2021 ж.дейін  АРБ-ға 307-кабинетке әкеп беруді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 376-18-76, ішкі тел. 38-76

Құрметпен,

«Алатау Жарық Компаниясы»" АҚ АРБ бас маманы

Тоқтарова Найля Жақсыбекқызы

Тел. 376-18-76 (ішкі тел.38-76)

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ