Қарасай ЭТА Жедел-диспетчерлік тобының режимдер жөніндегі инженері бос лауазымына орналасуға АРБ конкурс жариялайды.

Қойылатын талаптар:

жоғары кәсіптік білімі болса,  еңбек өтілі талап етілмейді немесе орта арнайы (техникалық) білімі болса, еңбек өтілі кемінде 2 жыл және  электр қауіпсіздігі бойынша кемінде біліктілік тобы – 5 болуы, пайдаланушы деңгейінде компьютерде жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс.

Функционалдық міндеттері:

1) 0,4-10кВ желі режимін есептеу, жоспарлау, бақылау және оңтайландыру;

2) 0,4-10кВ желінің қалыпты режимінің схемасын талдау және оңтайландыру. Электр желілерінің режимдерін модельдеу, бөлетін оңтайлы ток нүктелерін тексеру, 10кВ шиналарынан шығарылатын электр энергиясының сапасын қамтамасыз ететін қуат орталықтарындағы кернеу деңгейлерін таңдау.

3) Желінің және 110/35/10кВ қосалқы станциялардың жөндеу режимінің схемаларын талдау және түзету.

4)10кВ желісі жұмысының авариялық режимдерінен кейінгі есепті жүргізу.

5) Диспетчерлердің 10кВ желінің қалыпты, жөндеу, авариялық және авариядан кейінгі режимдегі жұмыс режимін жүргізуін бақылау.

6) 35-110 кВ қосалқы станцияларда орнатылған РҚА құрылғыларын талдау. Оларды қайта жаңартуға техникалық тапсырмалар дайындау.

7) Күштемелі трансформаторларда ауыстырып-қосқыш құрылғылардың (РПН.ПБВ)  жағдайын есепке алуды жүргізу және трансформацияның оңтайлы коэффициенттерін таңдау. ҚС шиналарындағы кернеу деңгейлерінің кестесін жасау.

8) Аралас кәсіпорындармен электр желілері қызметтерінен жабдықтарды жөндеуге шығаруға өтінімдерді қабылдау.

9) Жабдықты жөндеуге шығаруға арналған өтінімдерді қарау, жөндеу схемаларын орындау және оларды іске асыру бойынша режимдік пысықтауды және диспетчерге нұсқауларды ресімдеу.

10) Жөндеуге шығарылған жабдық мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді беру регламентін бақылау.

11) Белгіленген директивалық құжаттарға сәйкес жабдықты жөндеуге шығаруға өтінімдерді ресімдеу. Регламентке сәйкес қарамағындағы Жабдықты жөндеуге шығаруға өтінімдерді беру және олардың өтуін бақылау.

12) Өтінімдерге жауаптарды барлық мүдделі бөлімшелерге, объектілерге және аралас кәсіпорындарға беру.

13) Іске асырылған өтінімдерді мұрағаттауды бақылау.

14) Энергия объектілерінің, РҚА желілері мен құрылғыларының жаңаларын іске қосуға және қолданыстағыларын реконструкциялауға арналған техникалық шарттарды қарау.

15) Жабдықтың автоматты ажыратылуын талдау. Жабдық жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу. Тергеу нәтижелері бойынша аварияға қарсы режимдік іс-шараларды әзірлеу.

16) ЖДҚ персоналына арналған аварияға қарсы жаттығулардың режимдік бөлігін әзірлеу.

17) Жаңа жабдықты қосуға арналған бағдарламаларды әзірлеу.

18) Жабдықты жөндеуден кейін қосуға, сынақтар жүргізуге арналған бағдарламалар әзірлеу.

19) ҚС және ӘЖ жабдықтарын ажыратудың ай сайынғы жоспарларын әзірлеу.

20) Бақылау өлшемдері бойынша деректерді өңдеу және беру.

21) ЖБА-ның берілген көлемдерін орындау, ҚС-да ЖБА құрылғыларын  орналастыру бойынша ұсыныстар беру.

22) Бақылау өлшемдерінің, режимдік тәуліктердің деректерін жинауды және өңдеуді ұйымдастыру.

23) 0,4-10кВ желісіндегі "тар" орындарды талдау және оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.

24) Директивалық құжаттардың өтуін бақылау, орындау туралы есептерді уақытылы ұсыну.

25) Орындалатын міндеттерге сәйкес ЭТА ЖДТ жұмысына көмек көрсету.

26) ҚС-да 10кВ-ӘЖ мен жабдықтарды жөндеуге шығару журналын жүргізу.

27) Блінген тораптарда э/э түсу теңгерімін бақылау.

28) Ең жоғары жүктемелер журналының жүргізілуін бақылау.

29) ЖДҚ персоналының жұмысқа шығу табелін жүргізу.

30) Кіріс және шығыс құжаттардың, бұйрықтардың, нұсқаулардың және т. б. есебін жүргізу.

Барлық ниет білдірушілер, көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 17.02.2021 ж. дейін 307-каб. АРБ-ға әкелуді  сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3750398 3754

Құрметпен,

«Алатау Жарық Компаниясы»  АҚ АРБ бас маманы

Токтарова Найля Жаксыбеккызы

Тел.376-18-76 (вн.38-76)

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ