"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытында Өндірістік-техникалық басқарманың өндірістік-техникалық қызметінің бас маманы бос лауазымына қызметкер іздестіруде.

1.Болуы тиіс:

- жоғары кәсіби білімі, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;

- электр қауіпсіздігі бойынша III топ,

- компьютерде жұмыс істей білуі және Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Office Outlook бағдарламаларын пайдалана алуы;

2. Білуі керек:

- ҚР Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесін

(ТПЕ) (1; 2; 3; 7-тараулар ( 675-862, 918-1054 т.); 8-тарау (918-992-т.);

- ҚР Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін (ҚТЕ) (156-194; 217-224; 385-440-т. қоспағанда №1 кестенің 4-қосымшасы және барлық тармақтары);

- ҚР Өрт қауіпсіздігі ережелерін (ӨҚЕ) (7, 8, 12, 29, 30, 31, 406-431-тармақтар);

- ҚР энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын (3, 5-тармақтар, 3, 29, 30, 35, 37, 39, 43-тармақшалары);

- Энергетикалық жабдыққа қызмет көрсету кезіндегі жазатайым оқиғаларға байланысты зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты;

- Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтары, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты (РД 122.04.181-03).

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылдың 25 наурызына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ