«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытында Жедел-диспетчерлік басқарманың режимдер қызметі электр режимдері бөлімінің электр режимдері жөніндегі бас маманы бос лауазым орнына қызметкер іздестіруде.

Негізгі талаптар:

1) Болуы керек:

жоғары кәсіби білімі және жұмыс өтілі 3 жыл, есептеу техникасында ақпаратты өңдеу әдістерін білуі, электр қауіпсіздігі бойынша 2-ден (екінші) төмен емес біліктілік тобы.

Функционалдық міндеттері:

1) графикалық құжаттарды әзірлейді, жасайды және орындайды ("АЖК" АҚ желісінің және оның бөлімшелерінің негізгі схемасы, "АЖК" АҚ 35/110/220 кВ электр желілері үшін станциялар мен қосалқы станцияларды қосу схемалары, топографиялық байланыстыруды ескере отырып, электр желілерінің карта-схемалары).

2) "АНАРЭС-2000"бағдарламасында жұмыс істеу үшін деректер базалары мен схемаларын қалыптастырады.

3) "АЖК" АҚ және Алматы энергожүйесі қосалқы станцияларының схемаларын түзету және нақтылау мәселелері бойынша "АЖК" АҚ, ААДО, ЖО ҰДО, "КЕGOС" АҚ құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасулар жүргізеді.

4) Белгіленген режимдерді есептеу үшін "АЖК" АҚ 35/110/220кВ электр желілерін ауыстыру схемасын жасайды.

5) "АЖК" АҚ 35/110/220 кВ желі параметрлерін дайындайды және есептейді.

6) "АЖК" АҚ мен оның бөлімшелерінің негізгі тораптарының схемасы үшін станциялар мен қосалқы станцияларды қосу схемаларын әзірлейді және орындайды.

7) "АЖК"АҚ объектілерінің қалыпты бір желілік схемасын әзірлейді.

8) Топографиялық байланыстыруды ескере отырып, "АЖК" АҚ мен тұтас Алматы энергия жүйесінің 35 кВ және одан жоғары электр желілерінің карта-схемасын әзірлейді.

9) "АлЭС" АҚ станцияларының және "АЖК" АҚ қосалқы станцияларының күштік трансформаторларының жүктелуі бойынша бақылаулық жүйелі өлшемдерінің нәтижелерін өңдейді. Кернеу кластары бойынша күштік трансформаторларды жүктеу кестесін жасайды.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, 2021 жылдың 08 сәуіріне дейін белгіленген үлгідегі түйіндемені 307 кабинеттегі АРБ-ға ұсынуларын сұраймыз.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ