«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы Перспективалық дамыту басқармасының инвестициялар бөлімінің жетекші маманы бос лауазымына орналасуға қызметкер іздестіруде.

Талап:

- жоғары кәсіби білімі және энергетика саласында 1 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

- білуі керек:

- "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі №272-I Заңын;

- "Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №394 қаулысын;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы №541 Қаулысымен бекітілген, «Иинвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын»;

- 2013 жылғы 13 наурыздағы №73 Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығымен бекітілген "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын".

Барлық ниет білдірушілерге көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылғы 18 мамырға дейін мына электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ