АРБ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Жоқ қызметкерді алмастыру (бала күтімі бойынша демалыста) үшін, Телекоммуникация басқармасының ЭКЕАЖ пайдалану қызметінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану қызметінің жетекші инженері.

Талаптар:

жоғары кәсіптік білімі және жұмыс өтілі 1 жыл, Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілігі үшінші топтан төмен емес және ҚТЕ, ӨҚЕ, ТПЕ және өндірістік нұсқаулықтар бойынша емтихан тапсырған болуы керек

Функционалдық міндеттері:

1) Жаңа техникалық құралдарды енгізуді меңгеру, есепке алу жүйелерін пайдалану сипаттамаларын жақсарту мақсатында, оларды жаңғырту мәселелерін шешу.

2) ҚТЕ, ТПЕ талаптарына, қолданыстағы нұсқаулықтарға және басқа да материалдарға сәйкес ЭКЕАЖ жабдықтарының сенімді және үнемді жұмысы бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

3) жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмыс процесінде туындайтын бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау;

4) профилактикалық және жөндеу жұмыстарының кестелерін орындауды жүзеге асыру.

5) есепке алу жүйелерінің техникалық құралдарын әзірлеушілермен бірге оларды пайдалану процесінде туындайтын мәселелерді шешу.

6) техникалық құралдарды тестілеу үшін стендтер әзірлеуге қатысу.

7) ЭКЕАЖ жабдықтары мен жаңа есепке алу нүктелерін енгізу жобаларын қарастыру және олар бойынша ескертулер беру.

8) ЭКЕАЖ-да ВТ құралдарын дамыту және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу.

9) ЭКЕАЖ СЭ жаңа жабдықтарын, аппаратураны және құрылғыларды сатып алуға өтінімдерді ресімдеуге көмек көрсету.

10) өндірістік тәртіпті сақтау және барлық ережелерді, техникалық нұсқаулықтарды, ТПЕ, ӨҚЕ, ҚТЕ талаптарын орындау.

11) "АЖК" АҚ біріктірілген менеджмент жүйесіне сәйкес ЭКЕАЖ СЭ құжаттамасын жүргізу.

12) "АЖК" АҚ ЭКЕАЖ бағдарламалық қамтамасыз етуінде түсетін деректерді қарау және талдау.

Барлық ниет білдірушілер, көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 31.05.2021 ж. дейін       № 307 кабинеттегі  АРБ-ға әкеп беруді сұраймыз..

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3750398 3754

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ