АРБ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Метрология басқармасының Метрология бөлімі сараптамалық салыстырып-тексеру тобының жетекші инженері (жұмыскердің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде оны  алмастыру уақытына).

Талаптар:

жоғары кәсіби (энергетикалық, техникалық) білімі және 1 жылдан кем емес еңбек өтілі немесе орта-арнайы (энергетикалық, техникалық) білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі, электр қауіпсіздігі бойынша III тобы, ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген электр шамаларын өлшеу құралдарын салыстырып тексерушінің сертификаты.

Функционалдық міндеттері:

1) менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру  жоспарларын, бағдарламаларын орындауға қатысады.

2) технологиялық жабдықтың белгіленген дәлдік нормаларына сәйкестігін тексеру кезінде әр түрлі өлшеулерді, технологиялық процестер барысында арнайы өлшеулерді, сондай-ақ жаңа өлшеу құралдары мен әдістерін енгізудің экономикалық тиімділігінің есептерін ұйымдастырады және орындайды.

3) жаңа өлшеу техникасын енгізу бойынша жобалар мен жоспарлы тапсырмаларды, өндіріс тиімділігін арттыру, метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды, өлшеу, бақылау және сынау құралдары мен әдістерін дайындауға қатысады.

4) кәсіпорынның жаңа өлшем құралдарына мұқтаждығын айқындау жөніндегі жұмысқа қатысады.

5) кәсіпорында әзірленетін, сондай-ақ басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан келіп түсетін Техникалық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу жөніндегі жұмысқа қатысады.

6) заманауи әдістер мен өлшеу құралдарын енгізуге қатысады, сондай-ақ өлшеу қателіктерін бағалау бойынша жұмыс жүргізеді.

7) кәсіпорын бөлімшелерінің өлшем құралдарына қажеттілігін есептеуді жүзеге асырады, оларды сатып алуға өтінімдер жасауға қатысады.

8) мемлекеттік және салалық стандарттарды, кәсіпорын стандарттарын және өлшеу дәлдігінің нормаларын, тексеру әдістері мен құралдарын регламенттейтін басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманы енгізуге жәрдемдеседі.

9) өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың кестелері мен жоспарларын және оны мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарына ұсыну үшін белгіленген есептілікті жасау жөніндегі жұмысқа қатысады.

10) электр энергиясы мен қуатын өлшеу техникасының деңгейін арттыру және дамыту жөніндегі озық тәжірибені зерделейді және жинақтайды.

11) тұтынушылардағы есепке алу аспаптарына техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындайды және тексеру туралы қорытындыны ресімдейді.

12) тұтынушылардағы есепке алу аспаптарына байланысты даулы жағдайларға қатысады.

13) бөлім қызметінің мәселелері бойынша "АЖК" АҚ өндірістік қызметі туралы жылдық есептің бөлімдерін қалыптастыруға қатысады.

14) бөлімнің еңбек жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 02.06.2021 ж. дейін  №307 кабинеттегі АРБ-ға әкелулеріңізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876,  3876

АРБ ПЖБ  жетекші маманы Мухпулова А.М.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ