АРБ Күрделі құрылыс басқармасының смета бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (бала күтіміне байланысты еңбек демлысы уақытына)

Талаптары:

Жоғары техникалық/энергетикалық (инженер, бакалавр) білім.

АВС/Сметалық іс бағдарламасына оқыту сертификаты. Энергетикадағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл. Сметалық, жобалау және/немесе өзге де техникалық құжаттаманы әзірлеу тәжірибесі. Сметалық істің нормативтік-әдістемелік базасын білу. Сызбаларды оқи білу. ДК білу (офистік және мамандандырылған бағдарламалар: АВС, AutoCad және т. б.)

Функционалдық міндеттері:

1) менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша жоспарларды, бағдарламаларды орындауға қатысады;

2) Тәуелсіз немесе мемлекеттік сараптамаға ұсынылғанға дейін жобалау ұйымдары әзірлеген энергетикалық құрылыс объектілерін салуға, қайта құруға және жаңғыртуға арналған сметалық құжаттаманы тексеруді жүзеге асырады;

3) құрылыс барысында жүргізу қажеттілігі туындайтын жұмыстардың қосымша көлемдеріне сметалық құжаттаманы тексеруді жүзеге асырады;

4) Техникалық кеңестердің хаттамаларын, бұйрықтар мен өкімдерді дайындайды;

5) жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша хат алмасуды жүргізеді;

6) бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкестігін растау бөлігінде Ф-2В нысаны бойынша орындалған жұмыстар актілерін, КС-3 нысаны бойынша орындалған жұмыстар құнының анықтамаларын тексеруді жүзеге асырады және бұрыштама қояды;

7) өзінің тікелей бастығының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындайды.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 10.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ