АРБ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының баға маркетингі бөлімінің бастығы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Талаптары:

1) жоғары экономикалық және/немесе техникалық білімі, жұмыс өтілі 5 жыл, энергетикалық компаниялардағы сатып алу саласындағы жұмыстарды жоспарлау дағдылары, «АЖК» АҚ маркетингтік саясатын ұйымдастыру мәселелерінде қажетті қосымша теориялық және практикалық дайындығы, дербес компьютерді білу дәрежесі - тәжірибелі пайдаланушы  болуы тиіс.

2) ТЖҚ – ға маркетингтік бағаларды айқындау қағидаларына сәйкес тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге (бұдан әрі-ТЖҚ) маркетингтік бағаларды айқындау тәртібін білу, ақпарат көздерін пайдалана отырып, деректерді жинау және тиісті қорытынды жасау әдісін қолдана білу, сондай-ақ:

2.1) «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген тауарларға маркетингтік бағаларды айқындау қағидаларында жазылған тәртіпке сәйкес ТЖҚ-ға маркетингтік бағаларды түзетуді қолдану қағидаларын білу;

Функционалдық міндеттері:

1) маркетингтік саясатты енгізу және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша Жоспарларды, Бағдарламаларды орындауға қатысады;

2) ТЖҚ-ға маркетингтік зерттеу жүргізуді бақылайды;

3) материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының атынан өкілдік етеді және «АЖК» АҚ жұмыс кеңестеріне, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының тікелей қатысуын қозғайтын барлық мәселелер бойынша алқалы шешім шығару бойынша келісу процестеріне қатысады;

4) Даму жоспарын (келесі күнтізбелік жылға арналған тауарлар тізбесін) қалыптастыруға қатысу бойынша Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады;

5) Даму жоспарын (СГЗ) қалыптастыру кезінде ТМҚ-ны бағалайды және сатып алу жоспарын келіседі және ТЖҚ әлеуетті өнім берушілерінің баға ұсыныстарын талдайды.

6) даму жоспарын қалыптастыру, түзету кезінде құрылымдық бөлімшелерден жіберілген өтінімдер бойынша Қағидаларға сәйкес ТЖҚ бойынша бағаларды маркетингтік зерттеуді жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

7) Өнім берушілер мен тауарлардың дерекқорын қалыптастыру және толықтыру бойынша басшылықты жүзеге асырады;

8) ТМҚ бірыңғай жіктеуішін (каталогын) қалыптастыру кезінде басшылықты жүзеге асырады;

9) отандық тауар өндірушілер нарығының мониторингі кезінде басшылықты жүзеге асырады;

10) «АЖК» АҚ-да тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің маркетингтік бағасын айқындау қағидаларымен регламенттелетін мерзімдерді сақтайды;

11) бөлім қызметкерлерінің жұмыс көлемін бөледі.

12) бөлімнің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; ;

13) белгіленген тәртіппен материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығына есептілікті ұсынады;

14) іс жүргізуді жүргізеді, маркетингтік зерттеулер бойынша құжаттар мен материалдарды ресімдейді, бекітілген номенклатураға және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Басқарманың ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамасының мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 17.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876. Альмира

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ