АРБ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Талдау және сатып алуды жоспарлау бөлімінің жетекші маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына)

Талаптары:

1)жоғары кәсіби білімі (экономикалық немесе заң) және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мәселелерінде қажетті қосымша теориялық және / немесе практикалық даярлық білімі;

2)   сатып алу туралы заңнаманы білу, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бағдарлай білу және дұрыс қолдана білу, өкімдік құжаттар мен хаттамалық шешімдерді дайындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік және орыс тілдерін білу және бөлімшеде жүгінген кезде ауызекі сөйлеуді меңгеру. Компьютерде жұмыс істеу дағдылары болуы керек.

Функционалдық міндеттері:

1) «АЖК» АҚ бөлімшелерінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бастамашы болған келіп түскен құжаттарды белгіленген нысанда тексереді;

2) тендерге бастамашы-құрылымдық бөлімше ұсынған деректердің сәйкессіздігі анықталған немесе сатып алу рәсімін ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған жағдайда анықталған кемшіліктер туралы басшылыққа баяндайды;

3) БМЖ талаптарына сәйкес құжаттаманы жасайды және әзірлейді;

4) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу мониторингін жүзеге асырады;

5) БМЖ бойынша құжаттаманы басқаруға және басқарудағы тәуекелдер бойынша басқаруға жауапты болады;

6) басқарманың ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтарын жүргізеді және пысықтайды, оларға өзгерістер енгізеді;

7) Сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша Стандарттармен және нормативтік-құқықтық актілермен регламенттелетін мерзімдерді сақтайды;

8) сатып алу рәсімдеріне қатысты барлық ұсынылған құжаттардың сақталуына дербес жауапты болады.

9) өткізілген сатып алу рәсімдері бойынша құжаттар мен материалдарды ресімдейді, бекітілген номенклатураға және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Басқарманың ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамасының мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді;

10) іс қағаздарын жүргізеді, оның ішінде 8.2 нұсқасы 1С бағдарламасында жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу және қалыптастыру бойынша функцияларды жүргізеді.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 24.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876. Альмира

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ