АРБ Күрделі құрылыс басқармасының техникалық дайындық бөлімінің жетекші инженері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына).

Талаптары:

1) жоғары кәсіби (техникалық / энергетикалық) білімі және жұмыс өтілі 1 жыл;

2) әдістемелік және нормативтік материалдар;

- заманауи ақпараттық технологияларды қолданып қызметтік құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;

- ішкі еңбек тәртібінің ережелері;

- еңбекті қорғау ережелері мен нормалары;

- іс жүргізу негіздері;

- дербес компьютер мен ұйымдастыру техникасын меңгеру.

- ISO9001;  ISO 14001; OHSAS18001, ISO50001 халықаралық стандарттары.

 Функционалдық міндеттері:

- мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарында ҚМЖ жүргізу құқығына рұқсат алу үшін қажетті құжаттар пакетін қалыптастырады;

- жұмыстарды бастау актілерін, жұмыстарды тоқтата тұру актілерін, жұмыстарды қайта бастау актілерін ресімдейді;

- жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдауды орындайды;

 - мердігерлік шарттарға қосымша келісімдердің жобаларын дайындайды және оларды келісуді ұйымдастырады;

- сатып алу үшін тендерлік құжаттардың жобаларын дайындайды және оларды келісуді ұйымдастырады;;

 - есепті кезеңде жобаларды іске асыру барысы туралы жиынтық талдамалық жазбалар жасайды;

 - кеңестерге есептік деректерді дайындайды (анықтамалар, кестелер, диаграммалар, презентациялар);

- ағымдағы жылға арналған құрылыстар, объектілер, негізгі бағыттар, қаржыландыру көздері бөлінісінде «АЖК» АҚ инвестициялық бағдарламасын қалыптастыруға және түзетуге қатысады;

- жылдық сатып алу жоспарын және жиынтық жылдық өтінімді қалыптастыруға қатысады;

- басшылықтың келісімі бойынша жоғары тұрған ұйымдардың сұрауы бойынша барлық қажетті ақпаратты ұсынады;

- жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді және ресімдейді;

- жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша бұйрықтар мен өкімдер дайындайды, хат алмасады;

- БМЖ талаптарына сәйкес стандарттарды сақтайды.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 01.08.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876.