Жедел байланыс желісі
«Самұрық-Энерго» АҚ «Жедел желі» – заңды және/немесе Әдеп кодексін күдікті бұзушылықтар, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету жағдайлары туралы хабарлауға арналған арна екенін хабарлайды. Өнімдер мен қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығына ресми сауалдар алу үшін тұтынушыларды қолдау қызметтерін және компаниялардың корпоративтік веб-сайттарында берілген байланыс ақпаратын пайдаланыңыз. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның немесе «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы берілуі тиіс.


Тел.: +7 (7172) 3761999; (ішк. 3999);
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Қабылдау уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден -17:00 дейін.
Туған күні: 16.02.1968 ж.
Білімі:
1991-1997 жж. Е.А.Букетов ат. ҚарМУ, мамандығы: заңгер
Еңбек қызметі:
1994-2004 жж. Жамбыл облысы, Мойынқұм аудандық прокуратурасы, аудан прокурорының көмекшісі
2004-2014 жж. Жамбыл облысы, Мойынқұм аудандық Әділет басқармасы, Әділет басқармасының бастығы.
2014-2020 жж. Жамбыл облысы, Қордай аудандық соты, судья
2020 ж. Алматы қаласындағы жеке тәжірибеден өтуші заң кеңесшілерінің орталығы» заң кеңесшілері палатасы, Азаматтық, әкімшілік істер жөніндегі өкіл
2022 ж. «CURATOR ASTANA» заң кеңесшілері палатасы, Азаматтық, әкімшілік істер жөніндегі өкіл
2022 ж. «Алатау Жарық компаниясы» АҚ Құқықтық сүйемелдеу басқармасының бас маманы
2023 ж. «Алатау Жарық компаниясы» АҚ Комплаенс-офицері
Комплаенс
Табысты және орнықты компания сенімге негізделеді. Акционерлер, инвесторлар мен серіктестер үшін компанияның адал, ашық және жауапты бизнес жүргізуі маңызды. Осыған байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметін халықаралық үздік комплаенс-тәжірибелерге сәйкес жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және адал іскерлік қағидаттарды сақтауға ерекше мән береді.
«Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметі тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады және ұйымдық тұрғыда Директорлар кеңесіне бағынады әрі функционалдық есептілік жүргізеді. Қызметтің негізгі мақсаты – Комплаенс бағдарламасын енгізу және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізу.
Қызметтің міндеттеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және мониторингтеу, оларды азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу, іскерлік әдеп қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру кіреді.