Logo
АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ
Ірі аймақтық энергия таратушы компания
Самұрық - Энерго АҚ - ы холдингіне кіреді

ОМБУДСМЕННІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

* өтініш білдірген қызметкерлерге, еңбек дауларының, жанжалдың қатысушыларына кеңес беру және оларға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауды, оның ішінде қажет болған жағдайда құпиялылық тысақтауды ескере отырып, өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімдерді әзірлеуге жәрдем көрсету;

* Қор және ұйым қызметкерлерінің проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ Қор және ұйым қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаларын сақтауына көмек көрсету;

* дау-жанжалдарды (дауларды) реттеу бойынша даулы немесе проблемалық жағдайға қатысушы тұлғалар үшін ұсынымдар әзірлеу;

* жүйелік, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы жан жалдарды (дауларды) шешу және болдырмау бойынша, сондай-ақ іскерлік этика қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша қор мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларына кеңес беру;

* Қордың және(немесе) ұйымдардың тиісті органдары мен лауазымды тұлғаларының қарауына жүйелік сипаттағы және олардың тиісті шешімдер (кешенді шаралар) қабылдауды талап ететін проблемалық мәселелерді қарауға енгізу, оларды шешу үшін сындарлы ұсыныстар ұсыну;

* өз құзыреті шеңберінде Қордың ішкі нормативтік құжаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

 • ұсынымдық сипаттағы, оның ішінде бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған өзге де шараларды қабылдау.

Омбудсмен туралы ереже

электрондық жәшік:

"СамұрықЭнерджи" АҚ омбудсмені - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

"Самұрық-Қазына" АҚ омбудсмені - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

(барлық өтініш терқұпия)

 akinzhanov

Акинжанов Амзи

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының омбудсмені (бұдан әрі  Қоғам).

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Омбудсмен туралы ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес, Омбудсмен – Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі өзіне жүгінген Қоғам қызметкерлеріне кеңес беру және еңбек дауларын, шиеленістерді, әлеуметтік-еңбек сипатындағы келелі мәселелерді шешуде, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаларын сақтауына көмек көрсету болып табылады.

Ережеге сәйкес, Омбудсменнің негізгі міндеттері еңбек дауларын, шиеленістерді, әлеуметтік-еңбек сипатындағы келелі мәселелерді шешуде, сондай-ақ қоғам қызметкерлерінің Іскерлік этиканы сақтауына көмек көрсету, Қоғамның беделі мен рейтингін көтеруге үлесін қосу, даулар мен шиеленістердің алдын алу мен реттеуге көмек көрсету болып табылады.  Бұған қоса, Омбудсмен Кодекс ережелерін, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын бұзу фактілері бойынша жүгінген Қоғам қызметкерінің, лауазымды тұлғаның аты-жөнін көрсетпеуді қамтамасыз етуге міндетті.

Қоғамның лауазымды тұлғаларының және басқа жұмыскерлерінің заңға  қарсы әрекеттерінің фактілері бойынша 8 701 712 70 10 телефоны бойынша жүгінуді сұраймыз.