Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясат

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясаты компанияның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жалпы қағидаттарын белгілейді.

Саясат денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, халықаралық стандарттарға, сондай-ақ Қоғамның қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленді.

Саясаттың мақсаты - Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету, сондай-ақ еңбек қызметі процесінде өліммен аяқталған жазатайым оқиғаларға жол бермеу болып табылады.

Саясаттың негізгі басымдықтары ретінде Қоғам:
1. Өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығын;
2. Өндірістік тәуекелдер деңгейін төмендету есебінен қауіпсіздік деңгейін тұрақты арттыруды;
3. Жабдықтардың, ұжымдық және жеке қорғану құралдарының заманауи түрлерін қолдану жолымен қызметкерлердің жарақаттануының және денсаулығының нашарлауы-ның алдын алуды;
4. Еңбек тәртібі мен өндіріс мәдениетінің деңгейін арттыруды;
5. Денсаулық сақтау менеджменті жүйесін үнемі жақсарту және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
6. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-әрекеттерді анықтайды.

Қоғам өндірістік қызметке қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін өзінің жауапкершілігін сезінеді және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заң талаптарына, сондай-ақ ЕҚжЕҚҚ саласындағы халықара-лық стандарттарға сәйкес келуге ұмтылады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы аясындағы іс-шаралар жоспары
«Самұрық-Энерго» АҚ тобы бойынша 2025 жылы жарақаттанудың нөлдік деңгейіне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы саясаты
Қауіпсіздік талон жүйесі туралы ереже
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-дағы оқиғаларды тіркеу және ішкі тергеп-тексеру кәсіпорын стандарты
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Өндірістік кеңесі туралы ереже
Арнайы киім, аяқ киім және ЖҚҚ-ны жұмыс беруші есебінен беру нормалары
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша оқиғаларды тіркеу және ішкі тергеп-тексеру кәсіпорын стандарты
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының өндірістік қауіпсіздік саласындағы жыл сайынғы номинациясын өтікізу ережелері
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да экшн-камераларды қолдану жөніндегі нұсқаулық
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларын пайдалану кезінде ӨҚ талаптарын сақтау бойынша өндірістік бақылау жөніндегі үлгі ереже
«Қауіпсіздік мәдениеті» курсы бойынша мердігер ұйым қызметкерлерін оқытуға арналған ұсынылатын тақырыптар тізімі
Дәрістер жинағы