Logo
АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ
Ірі аймақтық энергия таратушы компания
Самұрық - Энерго АҚ - ы холдингіне кіреді

Құжаттары:

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ
(заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б), 
2019 жылдың алты айының қорытындысы бойынша тұтынушылардың және басқа мүдделі тұлғалардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін (электр энергиясын беру) 2019 жылдың 30 шілдесінде сағат 16:00-де жариялауы туралы хабарлайды.
Өткізу орны: Алматы қ., Розыбакиева көш., 6 (акт залы).

 

 Тыңдалым өткізілетіні туралы хабарландыру "Егемен Қазақстан" газетінде 4 шілде 2019ж. №126 (29605) 11-бетте және «Казахстанская Правда» газетінде 4 шілде 2019ж. №126 (29003) 11-бетте жарияланған.

 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

(заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б),

тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну (электр энергиясын беру) бойынша 2018 жылғы қызметі туралы жыл сайынғы есепті тыңдауы 2019 жылы 12 наурызда, сағат 15:00-де өтетінін хабарлайды.

Өткізу орны: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 6 (акт залы).

 

Тыңдауды өткізу туралы хабарландыру 2019 жылғы 13 ақпандағы №29 (29508) "Егемен Қазақстан" және 2019 жылғы 13 ақпандағы №29 (28906) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланды.

 

Құрметті тұтынушылар!

 

ҚР Президентінің тапсырмасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша ҚР Үкіметінің жүргізіп отырған жұмысын орындау мақсатында, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ әлеуметтік маңызды Компания бола отырып, бекітілген Инвестициялық бағдарламаның және 2019 жылға арналған Тарифтік смета бойынша шығындар бөлігінде қызметтің реттелетін түрін ұсынуға арналған шығындарды қайта қарастырды. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның 2019 жылға тарифтің шекті деңгейін төмендетуге тиісті өтінімдер/шешімдер уәкілетті органға жіберілді.

 

Осыған байланысты, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттерінің 28.11.2018 жылғы №246-НҚ, № 247-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің 28.11.2018 жылғы №405-НҚ, 29.11.2018 жылғы № 409-НҚ Бірлескен Бұйрығымен «АЖК» АҚ-ның 2019 жылға электр энергиясын беру және бөлу қызметтеріне арналған тарифтік сметасына өзгерістер енгізілгенін және01.01.2019 жылданбастап қолданысқа енгізілетін, «АЖК» АҚ-ның 2019 жылға5,63 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) мөлшерінде, тарифтің шекті деңгейі бекітілгенін хабарлайды.

 

Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттерінің 28.11.2018 жылғы № 248-НҚ және Алматы облысы бойынша департаменттерінің 29.11.2018 жылғы №410-НҚ Бірлескен Бұйрығымен Алматы қаласы бойынша 21.06.2018 жылғы № 128-НҚ және Алматы облысы бойынша №223-НҚ «Электр энергиясын беру бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы» және 2019 жылға «АЖК» АҚ уақытша өтемдік тарифінің деңгейі қайта қаралды. Электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерге уақытша өтемдік тариф 5,34 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілді, қолданылу мерзімі 7 ай, 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Бұл ретте, тарифтің орташа жылдық деңгейі 5,46 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз)құрайды.

 

Тарифтің осыған дейін бекітілген шекті деңгейінің төмендеуі 8% немесе 0,45 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) құрайды.

 

«АЖК» АҚ тарифінің өзгеруі туралы

 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «АЖК» АҚ) хабарлайды – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Департаменттерінің 2016 жылғы 26 шілдедегі Алматы қаласы бойынша №127-ОД және Алматы облысы бойынша №200-ОД бекітілген бұйрықтары шеңберінде 2018 жылғы «АЖК» АҚ реттелген қызметі тарифінің шектік деңгейі (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) ҚҚС қоспағанда 6,04 теңге/кВтч құрайды.

 

Тұтынушыларға арналған ақпарат

 

Электр энергияның коммерциялық есебінің автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізу аясында, «АЖК» АҚ ұйымы Алматы қ. электр тораптарында электр энергияның есептеуіш аспаптарын ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Есептеуіш апсаптарды ауыстыру жөнінде мердігерлік ұйымы «Шаңырақ 2030 құрылыс компаниясы» ЖШС-мен Шарт жасалған. «Шаңырақ 2030 құрылыс компаниясы» ЖШС-і электр энергияны есептеуіш аспаптарын электр энергияны пайдаланушыларына өтеусіз орнатуда. Тұтынушыларды бұл жобаны іске асыруға кедергі жасамауларын өтінеміз.

 

 



 

 

 

 

 

 

 



 

 

Құрметті тұтынушылар!

 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

 

(заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б )

 

реттелетін қызметтердің (электр энергияны бөлу және жеткізу) 2016 жылғы әрекеттері бойынша тұтынушылардың және өзге мүдделі тұлғалардың алдында жыл сайынғы есебі 2017ж. 10 наурызы сағат 16.30-да өтетінін хабарлайды.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 6 (акті залы).

 

 

 

«АЖК» АҚ тарифінің өзгеруі туралы

 

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ Бұйрығының 3б. 27т. сәйкес, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «АЖК» АҚ), Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департаменттерінің 2016 жылғы 26 шілдедегі №200-НҚ Бірлескен бұйрығымен, төтенше реттеу шаралары ретінде электр энергиясын бөлу және жеткізу бойынша «АЖК» АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейі бекітілгенін хабарлайды.

 

Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес, реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф деңгейі келесіні құрайды (2017 жылға 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілумен):

 

- 2017 жылға 5,83 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);



    • 2018 жылға 6,04 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

 

    • 2019 жылға 6,23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

 

    • 2020 жылға 5,95 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).



Құрметті тұтынушылар!

 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

 

(заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б)

 

Тұтынушыларға және өзге мүдделі тұлғаларға 2016 ж. 14 наурызда сағат 15.00-де «АЖК» АҚ-ның электр энергиясын жеткізу және бөлу қызметтерінің 2015 жылғы әрекеттері бойынша жыл сайынғы тыңдалымдарының өтетінін хабарлайды.

 

Өткізу орны: Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 6 (акт залы).

 

 

 

Құрметті алматылықтар!

 

«Алатау ЖарықКомпаниясы»АҚ (бұдан әрі - «АЖК» АҚ)бизнес жүргізуді жеңілдету бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат шеңберінде, электр тораптарына қосылуға арналған техникалық шарттарды алу үшін өтінім беру және оны алу рәсімдерін оңтайландырғанын хабарлайды.

 

Сонымен, ҚР Энергетика министрінің 2015ж. 25 ақпандағы №143 Бұйрығымен бекітілген, жаңадан қабылданған «Электр энергиясын пайдалану ережелеріне» сәйкес, электр тораптарына қосылуға арналған техникалық шарттарды алуға өтінім беру кезінде тұтынушы барынша аз құжаттар топтамасын өткізетін болады:

 

- нысанға құқық белгілейтін құжаттар көшірмелері (жерге меншіктік немесе уақытша меншіктеуге арналған мемлекеттік акті және сату-сатып алу/ сыйға тарту шарты/ Әкім қаулысы/жалға алу шарты);

 

- жеке тұлғалар үшін жеке куәлік көшірмесі немесе заңды тұлғалар үшін тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

 

- жергілікті жерде нысанның орналасқан орнының ситуациялық жоспары (өз бетінше орындалады);

 

- қажетті қуат есебі (өз бетінше орындауына болады).

 

Техникалық шарттарды алуға өтінім беру және оны алу кезінде үшінші тұлғалар жеке куәлік көшірмесін немесе сенімхатын беруі қажет.

 

5МВт және одан жоғары қуат белгіленген тұтынушылар үшін белгіленген тәртіппен жасалған және келісілген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау сызбасы қосымша берілуі тиіс.

 

«АЖК» АҚ-ға өтінімдер берілгеннен кейін, егер тораптарда техникалық мүмкіндік бар болса, техникалық шарттар мына мерзімдерде беріледі:

 

200кВт-ға дейінгі нысандар үшін – 5 жұмыс күні ішінде;

 

200кВт-дан 1000кВт-ға дейінгі нысандар үшін – 10 жұмыс күні ішінде,

 

1000кВт-дан жоғары нысандар үшін – 15 жұмыс күні ішінде.

 

Есептеуіш құралдар

 

«САЙМАН» зауытынан қысқаша нұсқаулық

 

PLC–модемді электрсанауыштардан көрсеткіштерді қалай алу керек (ЭЕАКЖ)

 

PLC- модемді санауыштарға көрсеткіштерді индикаттау, санауыштың паспортында 8-ші бетте, 2.2. тармағында жазылған.

 

Сұйық кристаллды индикаторда – СКИ (электрондық дисплей) әрбір 5 сек. сайын көрсетіледі:

 

1) Ағымдағы күн /2016.01.07/ 83

 

2) ағымдағы уақыт /000000006/ 80

 

3) Сәйкестендірі нөмірі (әрбір санауыштың өз нөмірі бар, паспорттың беттік жағында көрсетілген) /1600/ 82

 

4) Санауыштың беріліс саны

 

- бір фазалық санауыштар үшін 1600 imp/kW∙h /1600/ 82

 

- үш фазалық санауыштар үшін 800 imp/kW∙h /800/ 82

 

5) киловатт сағаттағы жалпы энергия – бұл сіз тұтынған электр энергиясының жалпы көрсеткіші, және оны электр энергиясы үшін төлем есебінде қолданады /TOTAL 23.45/ 0bkW∙h

 

6) Егер төлемде екі тәулік (күн-түн) аймағы бойынша дифференцияланған тарифтер бойынша жүргізілсе, онда сәйкесінше қараныз

 

Т1-күн бойынша энергия, кВтч /T1 13.45/ 0ckW∙h

 

Т2 – түн бойынша әнергия, кВтч /T2 10.00/ 0dkW∙h

 

«АЖК» АҚ тарифін өзгерту туралы

 

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АЖК» АҚ) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің № 237-НҚ және Алматы облысы бойынша Департаментінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 388-НҚ Бірлескен бұйрығымен, электр энергиясын жеткізу және бөлу бойынша «АЖК» АҚ-ның реттелетін қызметтеріне арналған тарифтердің шекті деңгейлерінің бекітілгенін хабарлайды.

 

Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес, 2016 жылға арналған реттелетін қызметтерге тарифтің шекті деңгейі 5,35 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) құрайды (2016 жылғы 01 қаңтардан бастап іске қосылуымен).

 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ы барлық тұтынушылар мен мүдделі тұлғаларды, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаменттерінің 2014ж. 8 желтоқсандағы Алматы қаласы бойынша №95-НҚ және Алматы облысы бойынша №95-НҚ Біріктірілген бұйрықтарына сәйкес 2014 жылғы 01 қаңтардан бастап электр энергиясын беру және бөлу қызметіне арналған уақытша өтемдік тарифі 2014 жылғы 01 қаңтардан бастап, 4 ай және 11 күн мерзімімен қарекетке енгізілумен, ҚҚС-сыз 1кВтсағ. үшін 5,20теңге мөлшерінде бекітілгені туралы тұтынушыларға ескертеді.

 

Тарифтің бекітілуі және қарекетке енгізілуі туралы хабарлама («Егемен Қазақстан» 16.12.2014ж. №246 (28469) 24 беті, «Казахстанская правда» 19.12.2014ж. №247 (27868) 29 беті және «Вечерний Алматы» 16.12.2014ж. №157 (12832) 6 беті) газеттерінде жарияланды.

 

 

 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша 2014-2015 жылдарға арналған құрылыс кестесі