ҚР Энергетика министрінің 28.09.2017. №330 бұйрығымен бекітілген «Электр желілері объектілерінің қорғау аймақтарын және осындай аймақтардың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу ережесінің» §2 20, 21 т.т. сәйкес «Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзуге жол берілмейді. Электр желілерінің күзет аймақтарында көрсетілген жұмыстарды жүргізуге жазбаша келісім алған жеке және заңды тұлғалар өздерінің жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды».
«АЖК» АҚ қызметі ҚР Заңдарымен, «АЖК» АҚ Жарғысымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін энергия беруші ұйым болып табылады. Электр желілерін тұтынушылардың бастамасы бойынша электр желілерін қайта орналастыру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған шығындар Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметада көзделмеген.