Ел басына күн туған шақта етігімен су кешкен ардагерлеріміздің қатары күн санап азайып барады

Туған елімізге, жалпақ әлемге бейбітшілік орнатып, тыныштық сыйлап, өткен күндердің куәсі болған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ жұмысшылары мереке қарсаңында құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Елге аман-есен оралғаннан кейін энергетика саласының дамуына сүбелі үлесін қосқан ардагерлеріміздің бірі Қамбар Әмірұлы Сарсенов. Отанымыздың бостандығы үшін талай кескілескен шайқастардың қатысушысы Қамбар Әмірұлы ауыр жарақаттанғанына қарамастан, соғыстан кейінгі жылдарда да азаматтардың тыныштығын күзетуге шешім қабылдап 1980 жылдан бастап Алматы қалалық энергетика жүйесіне жұмысқа орналасып, он сегіз жыл жұмыс істеген. Шындық пен әділдік үшін нағыз күрескер, Отанымыздың бостандығы үшін талай кескілескен шайқастардың қатысушысы Қамбар ақсақалымыз бүгінде 99 жаста.

Соғыс салған лаңның әр күні 86 жастағы Самойлова Галина Ильиничнаның жадында күні кешегідей жаңғырып тұр. Балалық арман-мұраттарын соғыс таптап, немістің тұтқынында болып, ата-анасы мен бауырларынан ерте айырылған ардагеріміз сұрапыл жылдарды жылай отырып еске алды. Бізбен босағада тұрып қоштасқан Галина Ильинична құшақтап тұрып шын көңіліммен лайым тыныштық болуын тіледі.

Ұлы Жеңіс күні оңайлықпен келген жоқ. Оған отандастарымыз қанды шайқастарда көрсеткен қаһармандықтары мен табандылықтарының, боздақтардың бейбітшілік жолында сарп еткен өмірлері мен олардың ерлік істерінің арқасында жетті. Солардың қатарында еңбекке ерте араласып, соғыс жылдары бел жазбай еңбек еткен тыл ардагерлері Овчинникова Ольга Степановна, Ланьшина Ольга, Кузьмина Домна Федоровна, Бабичев Михаил, Лаврова Валентина, Киреева Зинаида, Трошев Евгений, Искакова Гульфияда бар.

"Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!" деген ұран бала болған бізді де жігерлендірді"- деп ардагерлеріміз соғыс жылдарындағы ауыртпалықтарды әлі де еске алуда.

Әжімді жүздерінен парасаттылық лебі есіп тұратын ақ шашты ардагерлер алдында басымызды иіп, майдан даласында қаза тапқандарды ерекше тағзыммен еске аламыз.