Бүгін компаниямыздың жас энергетиктері, "Алатау Жастары" жастар кеңесінің мүшелері «Даңқ мемориалына» гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан майдангерлердің рухына тағзым етті

Жеңіс күні - халықтың бірлігі мен елдің ертеңге деген сенімін нығайтатын мереке. Майданда жан аямай соғысқан батырлардың ерлігі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.