Философия ғылымдарын зерттеуші, танымал теолог, жазушы, «КЕМЕЛ АДАМ» бестселлерінің авторы Қайрат Жолдыбайұлымен кездесу

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ кітапсүйер энергетиктері философия ғылымдарын зерттеуші, танымал теолог, жазушы, «КЕМЕЛ АДАМ» бестселлерінің авторы Қайрат Жолдыбайұлымен кездесті.

«Book Club АЖК» мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен кеште эмоциялық интеллект тақырыбы кеңінен талқыланып, қарым-қатынас принциптері туралы мол ақпарат айтылды.

«Қайрат Жолдыбайұлының тұлғалық жан-жақты жетілуге арналған авторлық кітабы жақсы көңіл күй сыйлап, рухани азық бергені анық. Автормен өткен кітап талқылау кешіміз қазаққа тән емін-еркін, кешкі шәй үстіндегі әңгімесіндей болып өтті. Қарапайымдылық қасиетімен бәрімізді жанына жақын тартқан жазушыға үлкен алғысымызды білдіре отырып, қаламыңыз мұқалмасын, әр шығармаңыз қазақтың жүрегінен орын алсын деп тілейміз» деп кітап сүйер энергетиктер кештен алған әсерлерімен бөлісті.

Ашық диалог форматындағы кездесу соңында энергетиктер Қайрат Жолдыбайұлына сұрақ қойып, еркін пікір алмасып, қолтаңбасын алды.

Айта кетерлігі, «Book Club АЖК» осымен екінші мәрте кітап тылқылау кешін өткізді. Клубтың басты мақсаты компания қызметкерлерінің кітапқа деген қызғушылығын арттыру, кітап оқуды трендке айналдыру, сауатты қоғам қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру, халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени, рухани мұраны сақтау және ана тілін құрметтеу болып табылады. атап өтетін жайт, «Book Club АЖК» кітап клубы кітаптарды қазақ тілінде оқып, талқылауды да тек қазақ тілінде өткізеді.

Кітапханада өткен кеш соңында келесі айда оқылатын кітапта белгілі болды. Александр Бектің «Волокаламск тас жолы» шығармасы мамыр айының оқылатын кітабы болып бекітілді.