Кәсіби жарыс басталды

Мамыр айының 15 күні «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Қаскелең қаласында орналасқан оқу-жаттығу полигонында, 35 кВ және одан жоғары электр желілерін пайдалану және жөндеу жөніндегі электр монтерлер бригадалары арасындағы кәсіби жарыс басталды.

Жыл сайын энергетика мамандарының шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылатын кәсіби жарыстар өндірістік персоналдың біліктілігі мен дайындығын бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар әр түрлі электр тораптары аудандары энергетиктерінің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.

Үш күнге созылатын кәсіби шеберлік сайысқа жеті команда қатысады. Сондай-ақ, командалар 7 кезеңнен тұратын сынақтан өтеді. Жеребе тарату арқылы бригадаларға старттық нөмірлер беріліп, кезеңдер бойынша төрешілер анықталады.