«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жыл сайын өтетін энергетиктердің кәсіби жарысын тал егумен аяқтады

Қызмет барысын дәстүрмен сабақтастырған компания басшылығы барша қызметкерлерімен Қаскелең қаласында орналасқан оқу-жаттығу полигонында арнайы аллеяға ағаштар отырғызды.

Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы ««Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Адам ғұмырындағы ең үлкен істердің бірі бұл - тал егу. Саялы ағаш егіп, өскелең ұрпаққа мирас болатын бұл дәстүр табиғат анаға жасаған біздің үлкен сыйымыз деп білемін» - деп, өз ойымен бөлісті.

Жас энергетиктерге үлгі көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл шара жап-жасыл аллеяның құлпыра түсуіне септігін тигізді.