1 маусым - дүниежүзілік балаларды қорғау күні!

Бүгінгі өскелең ұрпақ - ертеңгі ел үміті, ұлт жалғасы деген. Жаздың алғашқы күнімен жадырап келген мерекені «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Өтеген Батыр электр тораптар ауданы ерекше атап өтті.

Өмірін энергетика саласына арнаған көп балалы мамандарымыздың еңбегін елеп, балалардың жүзіне қуаныш сыйлау мақсатында үлкен іс-шара өткізді. Балаларды ойын алаңында ойнатып, балмұздақ таратты. Сондай-ақ, Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы арнайы келіп, көпбалалы отбасыларға сый-сияпат табыстады.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ барша бүлдіршіндерді мерекемен құттықтайды! Сәбилердің күлкісі сыңғырлап, жүздерінен қуаныш кетпесін! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтары өз Отанының адал азаматы болуға жетелесін.

Мереке құтты болсын!