
"Жер 2024" оқу жаттығу жиыны өтті
Алматыда Азаматтық қорғау жүйесінің жойқын жер сілкінісі кезіндегі зардаптарын жоюға дайындығын тексеру бойынша практикалық іс-қимылдар жүргізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – қалалық қызметтерінің өзара іс-қимыл бойынша жоспарын нақтылау және Алматы қаласының аумағында орналасқан ТЖМ бөлімшелерінің іс-әрекетін пысықтау.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Азаматтық қорғаныс қызметі де осы оқу-жаттығуға қатысты.
Жер сілкінісінен туындаған ғимараттардың, құрылыстардың қирауы, зақымдануы салдарынан күрделі жағдай туындады, оның барысында өрттерді сөндіру бойынша практикалық іс-шаралар, инженерлік жұмыстар және зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету пысықталды.



