«Book Club АЖК» кітап клубы

Алатау Жастары» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен және «Серіктес» кәсіподағының қолдауымен «Book Club АЖК» кітап клубы кітап сүйер оқырманның барлығы оқуы тиіс кітап: орыстың атақты жазушысы Александр Бектің қазақ батыры Бауыржан Момышұлының ерлігі мен қаһармандығы жайында жазылған «Волоколамск тас жолы» атты повесін талқылады.

Даңқты қолбасшы, соғыс кезінде, ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен көзге түседі. Қазақ елінің перзенті Бауыржан Момышұлы, ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Өз заманының ту ұстаушысы болған батыр атамыз өмір жолы арқылы тұтас бір дәуірдің тамыр соғысын тап басып тануға болады.

Шығарманың ең басты құндылығы – отаншылдық сезім. Адам бойындағы жай күндерде біліне бермейтін, тосыннан келген ажалда айқын көрініс табатын қасиет.