Еленген еңбек

2024 жылдың шілде айында Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Компанияның және қызметкерлердің қауіпсіздігін, экономикалық, ішкі және ақпараттық қауіпсіздігін сақтап, компания мүлкіне қатысты ұрлықты болдырмау жолында қызмет атқарып келе жатқан басқарманың еңбегін елеп, барлық қызметкерлерін өз қолымен марапаттады.

Кездесу барысында, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды және келесі жылдарға жоспарланған істерді талқылады. Басқарманың қызметіне көңілі толған Абай Ноғайұлы компания қауіпсіздігін сеніп тапсырып, алдағы атқарылар жұмыстарға сәттілік тіледі.