ХХХІІІ Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов пен бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ ұжымы құрметпен қарсы алды
Қонақтардың құрметіне ақ жаулықты апаларымыз шашу шашса, көпшілік алдында Басқарма Төрағасы Абай Ноғайұлы балуанның иығына шапан жауып, төсіне компания белгісін тағып, сый-құрметін білдірді.
Айта кетейік, Елдос Сметов 27 шілде күні Париж Олимпиадасында 60 келіде үздік атанған еді. Ол финалға дейін 5 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Олимпиаданың алғашқы күнінде ел қоржынына Алтын медаль салып, тарихи жеңіс сыйлаған батырымыз есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.
Кездесуге балаларын ерте келген ұжым үшін бұл күн мәңгі есте қалары сөзсіз.