«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы “Alataý Jastary” Жастар кеңесінің белсенді мүшелерімен “Галстуксіз кездесу” өткізді
Еліміздің дамуы мен өсіп-өркендеуі, болашағымыздың баянды болуы жастарға тікелей байланысты.
Кездесу барысында компания төрағасы өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісе отырып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Компания басшысы жастардың қозғаушы күш екендігін және мұндай бағыттағы шаралардың өз пайдасын тигізетіндігін атап өтіп, жастардың рухани кемелденуіне бағыт-бағдар берді.
Бұл кездесу жас энергетиктерге үлкен әсірен тигізді. Жастардың өзіне деген сенімдерін нығайтып, мақсаттары мен армандарына жетуге деген ұмтылыстарын арттырды. Аға буынның жастар саясатына ден беріп, қолдауы компаниямыздың болашаққа деген көзқарасы нық екенін айқындай түсті.