Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша алғашқы Әйелдер форумы өтуде

«Әйелдер қуаты» тақырыбында өтіп жатқан бұл форумның мақсаты «Самұрық Энерго» АҚ әйелдер қауымдастығын күшейту, өзекті мәселелерді талқылау және өзара тәжірибие алмасу болып табылады.

Форумға «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-нан Қосалқы стансалар басқарма басшысының орынбасары Әлжанова Айгерім Орынбайқызы және Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасының бөлім басшысы Айменова Әдемі Амангелдіқызы қатысуда.

Энергетика саласында қызмет атқаратын әйелдерге қолдау көрсетіп, кәсіби эмпатиясы мен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға арналған Форумда Әлжанова Айгерім Орынбайқызы «Самұрық Энерго» АҚ кәсіподағының құрмет грамотасымен марапатталды. Әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз!