«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады
Іс шараға компания басшылығы, «Alataý Jastary» Жастар кеңесі және Алматы қаласы полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Даурен Көбеев қатысты.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ адам ресурстары басқарма басшысының орынбасары Нұржан Аязбаев президенттің жолдауда атап өткен кадр мәселесіне қатысты тоқталып. жолдаудың 5 тармағын орындау мақсатында адам ресурстары басқармасының атқарып жатқан шараларын атап өтті. Компанияда қызметкерлердің арасынан Таланттар пулы (кадрлық резерв) құрылған. Бұл жобаға кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамытуға құлшынысы жоғары қызметкерлер қатыса алады және қатысып келеді. Компания көптеген мемлекеттік оқу орындарымен жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша келісім-шарттарға ие. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың өткен 8 айында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөлініп, 1156 қызметкер оқытылды, 208 студент тәжірибелік сабақтардан өтті. Президент атап өткен өндірістік және тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша компанияның бірнеше ғимараттарында толық жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Президент Жолдауда «Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқан. Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс» - деп нақты айтты. Осы кеселмен күресу мақсатында полиция подполковнигі Даурен Көбеев жастарға есіркіге қатысты толық ақпарат беріп, алдын алу шараларына қатысты бағыт-бағдармен бөлісті.