Өрт қауiпсiздiгі мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету - адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғайтын кез келген қызметтiң ажырамас бөлiгi
Өрт- тілсіз жау. Оның қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Өрт кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерін сақтамағандықтан болады. Сол себепті, сақтық шараларын үнемі бақылауда ұстау өте маңызды.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлының арнайы бұйрығымен тексеру тобы Өтеген Батыр Электр тораптары ауданына келді. Жоғарыда аталған қауіпсіздік шараларымен қатар, жұмысшыларға берілген әкімшілік ғимараттар да жіті тексеруден өтуде.