«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның облыстарда орналасқан Жамбыл, Қарасай, Есік және Шелек электр тораптар аудандарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жолдауда аталған кадр мәселесі, жұмысшылардың өндірістік және тұрмыстық жағдайларын жақсартуға қатысты кеңінен тоқталып, сол бағытта компанияның атқарып жатқан іс-шаралары туралы да толық ақпарат берілді. Шара барысында жұмысшылар сұрақтарын қойып, көкейде жүрген сауалдарына жауап алып қайтты.