«Алатау Жастары» Жастар кеңесі, «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ-мен бірлесіп Алатау жарық компаниясы қызметкерлері арасында “Top brain” интеллектуалды ойыны өтті
Бұл аталмыш ойында жүзден-жүйрік, мыңнан тұлпарлар бас қосып, түрлі тақырыптарда бақтарын сынап, озық ойларын ортаға салды.
Интеллектуалды ойын өзіндік тақырыбымен ерекшеленетін 6 кезеңнен тұрады:
1. “Жауабын таңда”
2. “Оза шап”
3. “Көңілашар”
4. “Тақырып”
5. “Мәссаған”
6. “Энергетика”
Интеллектуалды ойында 6 команда бақ сынап, жеңімпаз командалар сыйлықтармен және грамоталармен мараппатталды. Жүлделі орындарды «Тауасар», «3+2» және “ОйLike”командалары иеленді. Қызыққа толы болған жарыстың негізгі мақсаты ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаңдыққа баулу, топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеу болып табылады.