«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өкілдері бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

Жұмысқа орналасуға көмектесудің тиімді әдістерінің бірі болып табылатын жәрмеңке Алматы энергетика және байланыс университетінде өтті.

Компания өкілдерінің мұндай шараға қатысудағы басты мақсаты жұмыс іздеушілерді компания мүмкіндіктерімен таныстырып қана қоймай, қазіргі уақыттағы бос орындар жайлы ақпарат беру болып табылады.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ барлық бос жұмыс орындары «Samruk Qyzmet» (www.qsamruk.kz) Бірыңғай онлайн рекрутингтік платформасында жарияланып отырады. Кез келген үміткер осы платформада тіркеліп, бос жұмыс орындары туралы ақпараттармен танысып, кәсіптік құзыреттеріне сәйкес жеке түйіндемесін толтырып жібере алады. Жұмысқа қабылдау толықтай ашық түрде өтеді.