Салауатты өмір салтын басты назарда ұстайтын Алатау Жарық Компаниясы қызметкерлері “Alataŷ Jastary” жастар кеңесінің ұйымдастыруымен кіші Алматы өзенінің бастауында орналасқан “Мыңжылқы” шатқалына тау демалысына шығып қайтты
Өзіндік қасиеттерімен ерекше бұл мекенге компания қызметкерлерінің жасаған алғашқы сапары болатын.
Бұл жолғы тау сапарына саяхатшыларымыз ерекше дайындықпен барды. Ұйымдастыру барысында ескертілгендей тауға шығуға арналған барлық заттар толығымен алынып, қауіпсіздік шаралары жіті бақыланып отырылды.
Жыл он екі ай әсем пейзажымен ерекшеленетін “Мыңжылқы” шатқалы нағыз глэмпингтік демалысқа таптырмас орын.