"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-да 2022 жылдан бастап Оқу орталығы жұмыс істеп келеді
Компанияның ең маңызды активі – бұл адам ресурсы болып табылады. Сол себепті, оқу орталығын ашудағы мақсат - адам өмірі мен денсаулығын сақтап, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен олардың салдарын болдырмау және азайту болып табылады. Компанияда биылғы жылдың соңына дейін 1700 маманды оқыту жоспарлануда.
Компания мамандарының өз оқу орталығында оқуы біріншіден уақыт жағынан және еркіндік жағынан тиімді. Түсінбегенін қайта сұрап, өзара тәжірибие алмасады.
Өздеріңізге мәлім, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Алматы қаласы мен облысының тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған алпауыт мекеме. Бұл оқу орталығы өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып халыққа сапалы электр энергиясын жеткізуге үлкен септігін тигізеді деп сенеміз.