
"Алатау Жарық Компаниясы" спортшылары арқан тартудан ІХ Спартакиадада екі дүркін чемпион атанды
"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы ІХ Спартакиада ойындарында «Арқан тарту» сайысы ерекше тартысты өтті. Байрақты бәсекеде "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ спортшылары жоғары шеберлік пен үздік дайындықтарын көрсетіп, осымен екінші рет қатарынан чемпион атанды.
Арқан тарту сайысы әрдайым Спартакиаданың ең қызықты әрі қызу талқыланатын түрлерінің бірі. Бұл жолы да жарыс ерекше әсерге бөледі. "Алатау Жарық Компаниясы" командасы әр қарсыласымен болған кездесуде жоғары кәсібилігі мен беріктігін көрсетті.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ спортшыларын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін, бұдан да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!






