
“Alataý Jastary” жастар кеңесі “Серіктес” кәсіподағының қолдауымен “Book Club АЖК” кітап клубы өз оқырмандарымен бірге кезекті талқылау кешін өткізді
Бұл жолғы оқылған кітап Санжар Керімбайдың “Өзбекәлі және Мәдени майдан” туындысы болатын. Қалыптасқан ереже бойынша оқырмандар берілген кітапты оқып тәмәмдағаннан кейін, міндетті түрде бас қосып, өз пікірлерін ортаға тастап әңгіме дүкен құрады. Бұл жолыда кітап желісінде үлкен ойлар айтылып, өзекті мәселелер басы қозғалынып, әр оқырман пікірі жіті тыңдалынды.
“Өзбекәлі және мәдени майдан” – Тобыл-Торғай өңіріне көп қатысы бар еңбек. Кітап алашқа аты мәшһүр тұлға, ұлт мәдениетінің жоқшысы, біздің өңірде қызмет етіп, құндылықтарымызды түгендеуге орасан зор үлес қосқан Өзбекәлі Жәнібековтің және мүдделес, рухтас зиялылардың қазаққа сіңірген қайраткерлігін баяндайды. Шығарма негізінен саяси бағытта жазылған. Кезіндегі Алаш зиялыларының ел мен жерге төгіп кеткен орасан зор еңбектерінің насихатталынуы, келешек ұрпаққа қазіргі тәуелсізідігіміздің оңай жолмен келмегендігі осы бір туа жарды туындыда негізі ұстанымдардың бірі болып табылады.
Аталмыш “Book Club АЖК” кітап клубының негізі мақсаты электр энергетика саласы қызметкерлерінің қызметтен тыс кітап оқумен айналысып, зейін ашуына үлес қосу болып табылғандықтан, қазіргі таңда бұл шара жоғарғы қарқында жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар, клуб ережелерінің бірі кітап тек қазақ тілінде оқылады. Қазақ жазушыларының туындыларымен танысып, оны зерттеп, талдап және автор өмірбаянын қоса талқылауда негізі мақсаттарының бірі.
Кітапты жаны сүйетін, өткен тарихты сүйсіне зерттейтін, кез-келген автордың шығармашылығына қызыға қарайтын оқырмандарымыздың желтоқсан айына белгілеген кітабы Шыңғыс Айтматовтың “Қош бол, Гүлсары” туындысы.

