“Самрук-Энерго” АҚ-на қарасты компаниялар тобының жас қызметкерлерінің қатысуымен  ІІІ Жастар форумы өтті

Форумның ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов жас қызметкерлерді аянбай еңбек етіп, үлкен белестерді бірге бағындыруға шақырды.

Аталған Форумға Алатау Жарық Компаниясынан “Alataý Jastary” жастар кеңесінің белсенді мүшелері қатысты. Жаңаша мүмкіндіктердің көзін ашып, заманауи білім жүйесімен танысып келген әріптестеріміз алдағы уақытта осы алған білімдері мен мотивацияларын өз қызметтерінде максималды түрде пайдаланатындықтарын жеткізді.