
24 жыл бойы энергетика саласына деген адалдық
Елімізде жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде Энергетиктер күні атап өтіледі.
Мерекеге орай, бүгінгі «TULGA» айдарын энергетика саласында 24 жыл бойы жұмыс істеп жүрген Жақсылық Сағымбековке арнаймыз.
Қазіргі уақытта ол «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да бас инженер қызметін атқарады.
2000 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін тәмамдағаннан кейін еңбек жолын бірден осы салада бастаған.
Жақсылық Сағымбеков мамандығын мақтан тұтады. Ол өзін жұмыста да, жеке өмірде де жолы болған бақытты адам деп есептейді.





