
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығының бүлдіршіндерін жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Компания қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтап, ақ тілектерін, жылы лебіздерін білдірді. Ән мен тақпақтарын жарыса айтқан барлық балаларға сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді.



