2025 жылдың 8 ақпан күні «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті. 

«Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы ҚБ ұйымдастырған сайысқа қатысқан энергетиктер турнир көрігін қыздырып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ойын нәтижесі бойынша ерлер және әйелдер арасында келесі қызметкерлер төмендегідей орындарды иеленді:

1 орын – Сугуров О.Б., РҚжАБ (УРЗА);

2 орын – Жакельбаев О.Б., ӨТБ (ПТУ); 

3 орын – Нусипов А.С., 2-ЭТА (РЭС-2);

1 орын – Попова Л.С., 4-ЭТА (РЭС-4);

2 орын – Кенжегалиева Г.О., САБ (УЗ); 

3 орын –Курманбай А.Е., ӨТБ (ПТУ).

«Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясы - Радикқызы А., 1-ЭТА (РЭС-1)берілді.

«Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясы- Жумагалиев Е.Б.,РОЭС-4 берілді.

«Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы ҚБ басшысы Сабржан Қали Базылбекұлы жеңімпаздарды құттықтап, барша турнирге қатысушыларға алғыс білдірді.