15 ақпан – Халықаралық балалар қатерлі ісігіне қарсы күрес күні. Атаулы күнге орай, “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ облыстық электр тораптар аудандары  арасында волейболдан қайырымдылық турнирі өтті. 
Шелек электр тораптар ауданының ұйымдастыруымен өткен “Никольді қолдаймыз” атты қайырымдылық турнир электр тораптар ауданының контролері Севидова Аннаның  дертке шалдыққан қызы Никольға арналды. 
Сайыс Қонаев қаласы, Кеген, Райымбек, Өтеген батыр, Шелек және Ұйғыр ЭТА келген 8 команда арасында өтті. Іс-шараның өтуіне ат салысқан Шелек электр тораптар ауданының басшысы Аманбаев Асхат Жеңісбекұлы мен Х.Бижанов атындағы орта мектептің директоры Әбдіқадырова Жұлдыз Сейтжанқызы қатысқан барша командаға игі істері үшін алғыс білдіріп, сәттілік тіледі. 
Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды Ұйғыр ЭТА, 2 орынды Өтеген Батыр ЭТА, 3 орынды Кеген ЭТА иеленсе Райымбек ЭТА “Жеңіске деген ерік-жігері үшін” номинациясымен марапатталды. Сайыста жиналған қаражат толықтай Севидова Аннаның есеп шотына аударылды.