Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында «Жергілікті Серіктес» кәсіподағы» ҚБ ұйымдастыруымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ әйел қызметкерлері арасында  командалық Боулингтен турнир өтті. Сайыс нәтижесі бойынша төмендегі командалар жеңіске жетті:
🥇 орын – ТКБ; 
🥈 орын – 5-ЭТА; 
🥉 орын – 7-ЭТА
 
«Жеңіске деген ерік жігері үшін» номинациясын «ЭнергоСбыт» командасы иеленді.
 
Ойын жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталып, барлық қатысушыларға «Жас сахна» театрына билеттер берілді.