«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен кездесу өтті

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен салық заңнамасына (табыс пен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау) қатысты жаңалықтарды түсіндіру мәселесі бойынша кездесу өтті.

Осы отырыста 270.00 нысаны – «Кіріс пен мүлік туралы декларация» декларациясын толтыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Толтыру нұсқаулары әр қызметкермен жеке талқыланды.