Алматы қ. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтті

2023 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтерді өзгерту туралы өтінімін талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізді.

Жария тыңдауларға «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның тұтынушылары мен өкілдері, мүдделі тұлғалар қатысты.

Жария тыңдаулар барысында тұтынушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, "АЖК" АҚ мамандарынан және Департамент өкілінен жауаптарын алды.

Жария тыңдаулардағы қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі заңнамада белгіленген мерзімде қабылданатын болады.